Негізгі / Жаңалықтар / Қазақстан Сирия мәселесін реттеуге айтарлықтай ықпал етті - БҰҰ

Қазақстан Сирия мәселесін реттеуге айтарлықтай ықпал етті - БҰҰ

Сирия мәселесін реттеуде Қазақстан тарапы шешуші рөл атқарып келеді. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Мирослав Енча мәлімдеді. Астанада өткен бейнебайланыс түріндегі брифингте тілшілер сауалына жауап берген Енча Астана процесі түрлі халықаралық, саяси мәселелердің шешілуіне де зор ықпал еткенін айтты. Сондай-ақ тұтқындарды айырбастау туралы шешім нәтижесіне орай, жұмыс тобына жоғары баға берді. Еске салайық, Астана келіссөзі бойынша тараптардың келесі кездесуі ақпан айының екінші жартысына жоспарланған.

Мирослав Енча, БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі:

Сирия мәселесі бойынша Қазақстан тарапы үлкен рөл ойнады. Астана процесінің ықпалын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл саяси жүйенің қайта қалыптасуына оң ықпалын тигізіп келеді. Сондай-ақ Стеффан де Мистураның төрағалығымен өткен Женева процесіне үлкен көмекші рөл атқарды.

Сондай-ақ Қазақстан тарапы БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің Ауғанстанға арнайы сапарына дайындалып жатқаны мәлім болды. Бұл соңғы 7 жылда болмаған жағдай. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров осылай деп мәлімдеді.