Павлодар облысының 112 пультіне Ертіс ауданындағы аттас ауылдағы үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
ҚР ТЖМ мәліметінше, екіпәтерлі жеке тұрғын үйдің ағаш шатырының құрылымдары жанған.
Шақыру орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер тұрғын уйге қосарланып салынған бөлменің төбесі жанып жатқандығын анықтады.
«Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны 2011 және 2016 жылы туған балаларды құтқарып, өрт орнынан газ баллон шығарды. Бұл ықтимал жарылыстың алдын алуға мүмкіндік берді. Балаларға медициналық көмек қажет болмады.
Өрт жойылып, тұрғын үйге жалынның таралуына мүмкіндік берілген жоқ», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.