$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда 13 жастағы қызды әкесінің танысы зорлаған

AstanaTV
25.02.2026ж. 19:00
Алматыда 13 жастағы қызды әкесінің танысы зорлаған

Алматыда 13 жастағы қызды әкесінің ВИЧ жұқтырған танысы зорлаған. Оқиға былтыр болған. Бұл уақытта қыздың анасы қамауда отырғандықтан, болған жәйтты алты айдан кейін ғана айта алған. Жәбірленушінің адвокаты осы уақыт ішінде қызға күдіктінің туыстары, адвокаттар, тіпті әкесіне дейін психологиялық қысым көрсетіп келгенін айтады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Өткен жылдың желтоқсан айында қылмыстық іс өндірісі аяқталып, іс материалдары сотқа жіберілді. Яғни қазіргі таңда бұл қылмыстық іс аясында сот процесі жүргізілуде. Міндетті түрде заңның шеңберінде шешім қабылданады.