$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылжарда 15 жастағы бала мектепке шабуыл жасауды жоспарлаған

Қызылжарда 15 жастағы бала мектепке шабуыл жасауды жоспарлаған

Қызылжарда 15 жастағы бала мектепке шабуыл жасауды жоспарлаған. Бұл жайында полиция департаменті хабарлады. Жасөспірім телеграмм арнасын ашып, онда қаладағы лицейлердің бірін жаулап алу жөнінде ақпарат жариялаған. Артынша бұл хабарламаны таныстарына таратып, 50 мың теңге талап етіпті. Тәртіп сақшылары пысықайды бірден құрықтады. Жасөспірім бірден кінәсін мойындап, бұл жай ғана қалжың деп ақталғысы келді. Белгілі болғандай, бұл бала 2024-жылы өзі аталған лицейде білім алған. Ол осыған дейін де бұзақылыққа жол беріп, ата-анасы жауапкершілікке тартылған екен. Қазір полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

ЮРИЙ КЛЫКОВ, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Қазіргі уақытта құжаттар әзірленіп, жасөспірімдер жөніндегі комиссияға жолданбақ. Аталған 15 жасар оқушыны арнайы мектепке жіберу мәселесі қаралып жатыр. Арнайы тексерістің нәтижесінде нақты шешім қабылданады.