$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жамбыл облысында қызыл кітапқа енген жануарларды атқан броконерлер қолға түсті

AstanaTV
25.02.2026ж. 19:00
Жамбыл облысында қызыл кітапқа енген жануарларды атқан броконерлер қолға түсті

Қызыл кітапқа енген жануарларды атып, оны сатып жүрген броконерлер қолға түсті. Жамбыл облысында жүргізілген рейд барысында 10-нан аса броконер анықталды. Олар бір жылда табиғатқа 92 млн теңге залал келтірген. Орман шаруашылығы және жануар дүниесі аумақтық инспекциясы мен арнайы "Сапсан" жасағы жойылып бара жатқан жануарлар жүретін аумақты шолып шыққан. Анықталғаны аңшылық мылтық асынғандар  рұқсатсыз аң аулап сирек кездесетін жануарларды атып көрші елдерге өткізіп жүргені белгілі болған. Ұсталғандар ерекше қорғау аумағында қарақұйрық, ителгі құсы, арқар сынды жаруарларды атқан. Ал бір жылды ереже бұзған 682 адам әкімшілік жауапткершілікке тартылған. Олар заңсыз аң аулап, үйрек, қасқалдақ, түлкі қоян сынды жануарларды аулаған. Айта кетейік Ителгі құсының құны нарықта 4 млн теңгеге бағаланса, шығыс елдерінде 5 есе қымбат сатылады екен. Осыған қатысты қазір 10 қылмыстық іс қозғалып, 14 миллион теңгеге жуық шығын өтеліпті.

НҰРҒАЛИ НИЯЗҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А:

Қызыл кітапқа енген ителгі құстарын броконерлер Қырғыз республикасы арқылы шекарадан өткізіп, ары Таяу Шығыстарға жолдайды. Қазіргі таңда қылмыстық 6 іс бойынша істері дәлелденсе ҚР ҚК 337 бабы бойынша яғни 5 мың АЕК айыппұл салуға, немесе 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Немесе шартты түрде шектеу қойылған.