$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жаңа Конституция жобасында тарихи-мәдени мұраны сақтауға баса мән берілген

AstanaTV
25.02.2026ж. 19:00
Жаңа Конституция жобасында тарихи-мәдени мұраны сақтауға баса мән берілген

Жаңа Конституция жобасында тарихи-мәдени мұраны сақтауға баса мән берілген. Бұл мәдениет пен руханияттың маңызын айшықтайды, ұлттық бірегейлікті нығайтуға, тарихи сабақтастықты сақтауға, ұлттық код пен мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізуге жол ашады. 

БЛИЦ:

- Азаматтар тарихи және мәдени мұрамызды сақтауға және ұлттық біртұтастығымызды сақтауға, ескерткіштерімізді ұқыпты ұстауға міндетті. Қазақстанның ұлттық біріңғайлығын сақтау және біртұтастығымызды сақтай отырып, еліміздің тарихи ескерткіштерін жаңғыртып және оларды қорғауға біз толықтай міндеттіміз.Жалпы бұл -Қазақстан дамуының жаңа стратегиялық бағыты.

- Мәдени мұра бағдарламасы аясында бізге қазір жаңағы тарихты зерделеу, қайта зерттеу бағытында көптеген нәрселер айтылған. Сондықтан бұл заңдылық мен үшін –мен оны құптаймын жалпы.

- Бұл Конституцияның 40-бабында бекітілген+Ғылым, білім мәселелері бар-олардың барлығы болашақта өзінің іргетасын іс жүзінде жүргізеді деген ойдамын.