$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ҚМДБ Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай 35 мың азық-түлік себетін таратуды бастады

AstanaTV
25.02.2026ж. 19:00
ҚМДБ Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай 35 мың азық-түлік себетін таратуды бастады

35 мың азық-түлік себеті таратылады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ерекше акция жариялады. Мақсат - мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірімділік құндылықтарын дәріптеу. Ел егемендігінің айтулы датасын осындай игі іспен айшықтаған әр өңірдегі дін қызметкерлері мен еріктілер тобы бүгіннен бастап мұқтаж жандардың көңіліне қуаныш ұялатуға кірісті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафон тек Рамазан айымен шектелмей, жыл соңына дейін жалғасын таппақ. Айта кетейік, азық-түлік себеттерінің ішіне ең қажетті тұтыну тауарлары жинақталған. Қайырымдылық керуені еліміздің ең шалғай ауылдарына дейін барады.

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ:

Астанадан бастау алып, бүгін тікелей режимде қосылған имамдарымыз, 20 өкілдігіміз бар, облыс имамдары, мегаполстің бас имамдары бізбен телебайланыс жасап, олар да сол жергілікті жердегі қайырымдылық шарасын бізбен бір сәтте бастады. Алла қаласа, біз осы қайырымдылық шарамызды жыл бойы жалғастыратын боламыз.