$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Хоккейден әлем чемпиондары елге оралды

AstanaTV
25.02.2026ж. 19:00
Хоккейден әлем чемпиондары елге оралды

Канадада өткен беделді Quebec International хоккей турнирінде топ жарған «Astana Team» командасы елге оралды. Астана әуежайында чемпиондарды жанкүйерлер мен жақындары зор қошеметпен қарсы алды. Биылғы додада отандастарымыз еш жеңіліссіз финалға дейін жетіп, шешуші кезеңде буллит сериясы арқылы 4:3 есебімен бас жүлдені иеленді. Бұл жеңіс командаға келесі маусымда ең жоғары — "AAA" дивизионында бақ сынауға мүмкіндік берді. Айта кетейік, өткен жылы қазақстандықтар осы жарыста күміс жүлдені қанағат тұтқан болатын.

ДИАС МАРЖЫҚПАЕВ. ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙДЕН №10 БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біз бұл сапарға қыркүйек айынан бастап дайындалдық. «Хоккей Дримс» бірлестігінің қолдауымен Алматы, Өскемен және Астананың ең үздік балаларын жинап, «Astana Team» құрамын жасақтадық. Турнирге ертерек барып, Канаданың мұз айдынына бой үйреттік. Балалар АҚШ, Чехия және Швеция сияқты алпауыттарды жеңіп, нағыз мінез көрсетті. 66 жыл ішінде Қазақстанның бұл турнирде бірінші орын алуы біз үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін тарихи сәт.