$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Семсерлесуші София Актаева Азия чемпионатында қола медаль алды

26.02.2026ж. 15:28
Семсерлесуші София Актаева Азия чемпионатында қола медаль алды
Фото: Оlympic.kz

Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі София Актаева Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Отандасымыз рапирамен семсерлесуден жартылай финалға дейін жетті.

София финалға шығу үшін өткен кездесуде қытайлық Чжу Линьлиньмен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Қытай спортшысы 14:15 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша София Актаева жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.