$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордада сексуалдық құлдықта болған оқушының «клиенттері» де тергелуде

Қызылордада сексуалдық құлдықта болған оқушының «клиенттері» де тергелуде

Қызылордада сексуалдық құлдықта болған оқушының «клиенттеріне» қатысты тергеу бөлек қаралуда. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. Оның айтуынша 16 жастағы жәбірленушімен жыныстық қатынасқа түскен адамдарға қатысты іс материалдары бөлек өндіріске бөлінген. Қазіргі таңда сол бойынша жан-жақты тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ал олардың есімдерін нақты жариялау немесе құпия ұстауды жәбірленушінің өзі шешуге құқылы екенін атап өтті. Еске сала кетейік, бұған дейін 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген күдікке іліккен болатын. Зорлық-зомбылық бойынша басты айыптыларға сот үкім шығарған еді.