$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Заңды белден басқан 4 судья жұмыстан қуылды

Заңды белден басқан 4 судья жұмыстан қуылды

Заңды белден басқан әділетсіз судьялар жұмыстан қуылды. Бұл шешім Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриі отырысында қабылданды. Жалпы 12 судьяға қатысты 13 тәртіптік іс қаралған. Бір судьяға екі іс бір өндіріске біріктірілсе, тағы бір материалды қарау кейінге қалдырылды. Нәтижесінде 4 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Шешім әлі заңды күшіне енбеген. Егер судьялар тәртіптік жазаға келіспесе, Жоғары Сот Кеңесіне шағымдана алады. Кеңес төрағасының айтуынша, рәсімдердің ашықтығы заң бұзған судьяларды жауапкершілікке тартып, адал судьяларды ықтимал қысымнан қорғауға көмектеседі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІ:

Қарау нәтижелері бойынша 4 судья тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Олардың ішінде: екеуі – сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін (бір судьяға – ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды, екіншісі – судья қызметінен босатылды), біреуі – судьялық әдеп талаптарын бұзғаны үшін (судья қызметінен босату түріндегі жаза қолданылды), сондай-ақ облыстық соттың сот алқасының төрағасы – лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін (ескерту түріндегі жаза қолданылды).