$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістан облысында полицейлер 9 миллион теңге тұратын алтын бұйымдар ұрлығын ашты

Түркістан облысында полицейлер 9 миллион теңге тұратын алтын бұйымдар ұрлығын ашты

Түркістан облысында ұры зергерлік шеберханадан 9 млн теңгенің өнімін ұрлап  кеткен. Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз тұлғалар зергерлік шеберхана-дүкеннің есігін бұзып кіріп, алтын бұйымдарды қолды қылған. Тергеу барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын және өзге де айғақтарды зерделеп, ұрлық жасады деген күдіктінің ізіне түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер бұрын сотталған жергілікті 43 жастағы тұрғынды күдікті ретінде ұстады. Оның тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту кезінде ұрланған ақшаның бір бөлігі және басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

САЯТ ШЕКЕРБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Орын алған қылмыста белгілі болғанындай, зергерлік дүкенде дабыл белгісі қосылмаған. Есігі шыныдан жасалған. Дүкеннің сыртында бейнебақылау камерасы орнатылмаған. Алтын бұйымдар арнайы сейфке салынбаған.