Шымкентте дәрігерлер туғанына 10 күн ғана болған сәбидің көзіне операция жасады. Шақалақ небәрі 790 граммен өмірге келген. Ана құрсағында 26 апта ғана болған. Шақалақ көру қабілетінен айырылып қалуы мүмкін еді. Дәрігерлер алақанға сыйып кететін сәбидің жанарын сақтап қалу үшін барын салды. Нәрестеге «ретинопатия» диагнозы қойылған. Бұл - шала туған балалардың көз торшасы дұрыс дамымай, мүлдем көрмей қалу қаупі. Ақ халаттылар сәбидің салмағы 2 келіге толғанша күтіп, дереу операция үстеліне жатқызған. Бір сағатқа созылған хирургиялық ем еш асқынусыз өтті.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ:
Қазіргі таңда сәбидің жағдайы тұрақты. Операциядан кейінгі кезең қалыпты өтуде. Анасымен бірге жалпы бөлімге ауыстырылды.