$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Курьерлер жұмысқа биометриялық түрде тіркеліп, аккаунттарын басқа адамға беруге алмайды

AstanaTV
26.02.2026ж. 19:00
Курьерлер жұмысқа биометриялық түрде тіркеліп, аккаунттарын басқа адамға беруге алмайды

Алматыда курьерлерге қойылатын талаптар күшейеді. Қала полициясы жеткізу қызметіне қатысты жаңа тәртіптер ұсынып отыр. Ол күшіне енсе, бұдан былай курьерлер жұмысқа биометриялық түрде тіркеліп, аккаунттарын басқа адамға беруге толықтай тыйым салынады. Сонымен қатар жеткізу қызметтеріне шетелдік жұмысшыларды тартуға жол берілмейді. Бұған қоса курьерлердің жол қозғалысы ережелерін бұзбауы қатаң бақылауға алынбақ.

ҒАЗИЗА ӘМІРБЕК, ТІЛШІ:

Қазір осындай үлкен сөмке арқалаған курьерлер кез келген үйге күндіз де, түнде де емін-еркін кіруге мүмкіндік бар. Тапсырыс алып келдім десе жеткілікті. Тіпті табалдырықтан аттап, ішке өтеді. Осылайша адамның үйде жалғыз, жалғыз еместігін де аңғарады.

Алматылық полицейлер қауіпсіздікті сақтау үшін курьерлерге талапты күшейтпек. Мысалы, жеткізушіге агрегаторға тіркелгенде биометрилық сәйкестендіруден өтуге міндеттемек. Сондай-ақ аккаунттарды үшінші адамға беруге, азаматтығы жоқтар курьер болуға тыйым салу ұсынылды.

АЙДЫН МЕРКІМБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Негізі сумкалары және тасмалдаушы заттарына қандайда бір нөмір енгізу. Сол номермен біз қандай курьер екенін көз жетуге мүмкіншілік тудыру. Және gps трекері немесе навигатор орнату және де жеткізу барысында әр  мәліметті идентификация  барысында нақты сол курьер екенін растайтын мәліметтерді бізге ұсынуды ұсынған болатынбыз.

Одан бөлек, полициейлер ұсынысы күшіне енсе, бұдан былай оқыс жағдайларға агрегаторлар ғана  емес, курьердің өзі жауапты болады.

ХАМИТ ЖОЛДЫБАЕВ, КУРЬЕР:

Агрегатор в оснавном ондай нелерге тікелей араласпайды. Егерде андай ұрлық, бірдеме болса тікелей бізге шығады. Агрегатор араласпайды.

Алайда полиция жүйелі өзгерістер енгізілмесе, нормативтік реттеуді күшейтіп, агрегаторлардың жауапкершілігін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдауымыз мүмкін дейді.