Ата Заңның жобасы шын мәнінде халықтық құжат. Ақтөбе облысы жұртшылығымен кездескен Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деді. Оның айтуынша, Конституциялық комиссия о бастан ашық форматта жұмыс істеді. Әр отырыс тікелей эфирден көрсетілді. Қоғам тарапынан қойылған сұрақтарға, айтылған сын-пікірлерге әр отырыста не жауап, не түсініктеме беріліп отырды.
Өнер орталығында өткен жиынға мыңға жуық адам қатысты. Қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар да бар. Жиында Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды.
ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:
Конституцияның әртүрлі жерінде, әртүрлі бөлімінде, әртүрлі бабында Тәуелсіздік, Егемендік туралы сөз болса, байқаған боларсыздар? Тәуелсіздік, Егемендік сөздері әр жерде бас әріппен жазылған. Бұл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының негізгі ұстанымы. Ол басқа мәтіндермен, құжаттармен жұмыс жасағанда әрқашанда Тәуелсіздік, Егемендік сөздерін бас әріппен жазады. Неге? Ол қасиетті ұғым ретінде қоғамдық санада қалыптасып, бекіту үшін. Қазіргі Ата Заңмен салыстырсаңыздар, жаңа Ата заңда сол үшін Егемендік Тәуелсіздік ұғымдары жиі кездеседі. Бізде осы Жаңа Ата Заңмен, мәтінмен жұмыс жасаған кезде осы ұстанымды қолдандық. Сондықтан жана Конституцияның негізгі принципиалды осындай көптеген нормаларының авторларының бірі деп Қасым-Жомарт Кемелұлының өзін да айтуға болады.
Мемлекеттік кеңесші бастаған топ өндіріс орындарын аралады. Алдымен Ақтөбе рельс-арқалық зауыты ұжымымен жүздесті. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 430 мың тонна. Оның 200 мыңы-теміржол рельсі. Инвестиция көлемі 82,7 млрд теңге. Кәсіпорын жоғары жылдамдықты теміржол желілеріне арналған рельстерді Өзбекстан, Түрікменстан және Әзербайжан елдеріне экспорттайды. Жұмысшылар еңбек заңнамасындағы өзгерістерге дән риза. Еңбек жағдайы мен әлеуметтік кепілдіктердің күшейтілгеніне алғыс білдірді.
ЕРХАН ИСАЕВ, «АҚТӨБЕ РЕЛЬС-АРҚАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС ЗЕРТХАНА БАСШЫСЫ:
Маған жаңа Ата заң жобасында қауіпсіз еңбек жағдайы, лайықты жалақы, әлеуметтік қорғау заңмен сәйкес бекітілгені ұнады.Бұл мемлекетіміздің жауапкершілігін арттырып, бізге сенімділік білдіреді. Жаңа конституция жобасындағы адамның құқығы мен бас бостандықтары ең басты орынға қойылған. Бұл әр адамның ертеңгі күнге деген сенімін білдіреді.
ГҮЛЗАДА ТӘЖМАҒАНБЕТОВА, «АҚТӨБЕ РЕЛЬС-АРҚАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС ИНЖЕНЕРІ:
Ата-ананың балаға деген мейірімі-бұл қоғамның басты негізі. Тағы бір маңызды дүние бұл-еліміздегі бірлік пен келісім. Халқымыз тұтас болса мемлекетіміздің іргетасы мықты болары сөзсіз.
Жаңа Конститутция жобасы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті алаңында да талқылады. Мемлекеттік кеңесші құжаттың әзірлену барысы мен ел болашағы үшін маңызын түсіндірді. Ашық форматтағы кездесуде студенттер өз сауалдарын қойды. Өз кезегінде Ерлан Карин жастарды білімге ұмтылып, ел болашағын ғылым мен саналы еңбектің негізінде қалыптастыруға шақырды. Ал ұстаздар құрамы бірлік пен ортақ жауапкершілік арқылы жаһандық даму көшінен лайықты орын алатынымызды тілге тиек етті.
ҮМБЕТХАН СӘРСЕМБИН, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ:
Тәуелсіз Қазақстанның дамуы жаңа бір тарихи кезеңі басталып жатыр. Сол кезеңде осы мемлекет болып, халық болып бірігіп жалпы бұған дейінгі тарихтағы тәжірибені болсын-осылардың барлығын біз біріктіре отырып, әрменқарай жаңа адамзат, әлемдік дамуға үлес қосуымыз керек.
НАРҚОЗЫ ҚАРТЖАН, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ:
Аса қатты көңілге қонғаны «Таза Қазақстан» мен Заң мен тәртіп. Ондай тәртіп бар жерде , заң үстемдігі бар жерде әділетті болып, қоғамымыз дамып, бәскелестік көбейеді. Енді бәсекелесітк бар жерде даму да болады.
Ақтөбеле облысының тұрғындары жаңа Конституцияға қатысты пікір білдіріп, ел болашағына жол ашатынын жеткізді.
БЛИЦ;
- Бізге жаңа конститутция керек және жаңа конститутцияда көптеген өзгертулер бар, түзетулер бар, яғни біздер жаңа конституция жаңа дамуға жол ашады деп сенемін».
- Негізгі мемлекеттің тірегі, негізгі мемлекеттің бағыты ол бізде-ғылым, білім. Соған бағыт бағдар бұрғаны маған өз басыма ұнады.
- 95-жылғы конституциямен салыстырып жатыр, ол жерде 11 бап болатыны, 11 тарау болады, одан кейін 96 бап. Енді оң өзгерістерін көріп жатырық.
Ашық диалог, өндіріс пен білім ордаларындағы пікір алмасу- реформалардың ел дамуына серпін беретінін көрсетті.