Өңірлерде үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Маңғыстау облысының белсенділері халық көп шоғырланатын жерлерге барып, үн парақтар таратты. Арнайы афишаларды белгіленген аумақтарға орналастырды. Бұл өңірде коалиция мүшелері 557 кездесу болады деп жоспарлаған. Қазірдің өзінде 200-ден аса жиын өткізді.
АБЗАЛ МАРАТ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ МОФ ТӨРАҒАСЫ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:
Қоғамдық орындарда рұқсат етілген жерлерге үгіт-насихат материалдарын ілудеміз. негізгі мақсатымыз, әрине, халықты 15 наурыз күні Референдумға қатысуға үгіттеу. Одан қалды Әділетті Прогрессивті Қазақстан құру үшін жаңа Конституцияның мазмұнын қолдауға шақыру.
Үгіт-насихат жұмыстары Орал қаласында да өтіп жатыр. Жалпыұлттық коалицияның белсенділері қала тұрғындарына ақпараттық материалдар таратты. Шаһарды толық қамту үшін 7 топқа бөлініп, адамдардың сұрақтарына жауап берді.
ЕРЛІК ШАМҒАЛИ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ “ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ БҚОФ КОНСУЛЬТАНТЫ:
Осылай QR код арқылы өтіп, ішіндегі Конституцияның жаңа жобасы туралы жазылғандығын кеңінен түсіндіріп, нақтылап беріп жатыр. Жалпы халықтың лебі жақсы көңіл күйде, жақсы леппен қабылдап жатыр. 15 наурыз күні өздерінің таңдауын жасап, жаңа конституциялық жобаны қолдауға әрқашан дайынбыз деген ниеттерін білдіруде.