Биыл Абылай ханның туғанына 315 жыл. Осыған орай елордада «Абылай хан – ел бірлігінің ұлы символы» атты қалалық форум өтті. Шараның ерекшелігі тарихи тұлғаның мұрасы мен сол дәуірдің тынысы жасанды интеллект және цифрлық технологиялар арқылы жаңаша форматта ұсынылды. Ғалымдар мен ұстаздар қауымы бас қосқан жиынның басты мақсаты жас ұрпақтың бойында ұлттық рух пен отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Елордадағы №32 мектеп-гимназиясында үш жүздің басын қосқан тарихи тұлға Абылай ханның 315 жылдық мерейтойына арналған ауқымды тарихи-танымдық форум өтті. Шара барысында тарихи тұлғаның мұрасы заманауи технологиялармен сабақтастырылып, оқушылар мен форум қатысушыларына тың форматта ұсынылды.
ГҮЛШАТ БАЙТАС, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
Қазіргі информатизация заманында жасанды инетелектіні қосып тұрып Абылай ханның образын, сол заманмен салыстырып тұрып көрсете алады. Шебер мұғалім сабақты қызықты етіп өткізе алады.
Форумның пленарлық бөлімінде ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері бас қосты. Саяси қайраткерлер мен тарихшылар Абылай ханның дипломатиялық шеберлігі мен мемлекетшілдік тұлғасын ғылыми тұрғыда талдады. Әсіресе, ұлы ханның ел бірлігін сақтаудағы көрегендігі бүгінгі жас ұрпаққа үлгі екені айтылды.
ӨМІРБАЙ БЕКМАҒАНБЕТОВ, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:
Бүгінгі болашағын қалайтын, өсіп келе жатқан азаматтар, жас ұрпақ сондықтан олардың тарихи санасын қалыптасуында бұндай форумдардың атқаратын рөлі өте зор. Себебі ұлтжанды мемлекетшіл болып өсу жолында сол жолда жанын қиған дара тұлғалардың болғандығын тарихта осындай форумдар айғақтайды ж"не жастардың санасына сіңіреді.
Форум аясында қатысушылар заманауи технологияның игілігін көріп, Петропавлдағы «Абылай хан резиденциясы» музей кешеніне онлайн саяхат жасады.