Шымкент қаласында 15 миллион теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды.
Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні тоқтатып, тексеру барысында оның бірнеше рет жол қозғалысы ережелерін бұзғанын, сондай-ақ орындалмаған несиелік міндеттемелері мен өзге де қаржылық берешектері бар екенін анықтаған.
Hyundai Sonata автокөлігінің иесінің жалпы берешегі 15 миллион теңгені құрады.
Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзып, айыппұлдарын төлемеген. Айыппұлдардың жалпы сомасы 300 мың теңгені құраған.
Борышкер «Қорғау» жүйесінің көмегімен анықталды. Бұл жүйе сақтандыру полисі жоқ, айыппұлдары төленбеген, сондай-ақ жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көліктерді тіркеуге мүмкіндік береді.
Құқық бұзушының көлігі айып тұрағына қойылды.