$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Доллардың 26 ақпанға арналған бағамы жарияланды

26.02.2026ж. 22:31
Доллардың 26 ақпанға арналған бағамы жарияланды
Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 501,75 теңгені құрап, 0,27 теңгеге өсті.

Қазақстан Ұлттық банкі 26 ақпанға белгілеген доллардың ресми бағамы – 501,26 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы – 498,93 теңге, сату бағамы – 501,41 теңге. Астана қаласында доллар орта есеппен 495 теңгеден сатып алынып, 502 теңгеден сатылуда. Ал Шымкент қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орташа есеппен 499,35 теңге болса, сату бағамы – 501,42 теңге.