$541.34 €640.73 ₽6.53
×

14 облыста дауылды ескерту жарияланды

27.02.2026ж. 07:34
14 облыста дауылды ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ

«Қазгидромет» РМК бүгін, 27 ақпанда 14 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты дауыл туралы ескерту жариялады.

Жетісу облысы:оңтүстік, шығыс және таулы аудандарда қалың қар, көктайғақ, кейде тұман.

Жамбыл облысы: таулы аймақтарда қар мен боран, тұман; жел 15-25 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы:солтүстік пен оңтүстікте тұман; түнде -41°С қатты аяз күтіледі.

Абай облысы:шығыс, оңтүстік-батыс аймақтарда қарлы боран; жел 15-20 м/с.

Ұлытау облысы:солтүстік, шығыс, оңтүстік аймақтарда тұман; жел 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы: батыс, солтүстік, орталықта жел 15-25 м/с.

Ақтөбе облысы:солтүстік және шығысында тұман; жел 15-18 м/с.

Қарағанды облысы:оңтүстік бөлігінде қар мен боран, солтүстік пен шығыста тұман; түнде -35°С аяз, жел 15-20 м/с.

Алматы облысы:таулы аудандарда қар, кейде боран; тұман, көктайғақ; жел 15-20 м/с.

Қызылорда облысы: орталық және солтүстікте төмен қарлы боран, кейде тұман; жел 15-20 м/с.

Түркістан облысы:таулы аудандарда қар мен жаңбыр, кейде тұман; жел 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы:солтүстік және шығысында аздаған қар, төмен қарлы боран; жел 15-20 м/с.

Қостанай облысы: оңтүстік және шығысында тұман.

Батыс Қазақстан облысы: батыс және оңтүстігінде тұман.

Мамандар жолда және далада жүретін азаматтарға абай болуды, ауа райының өзгеруін қадағалауды және қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады.