$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желіде тараған мәлімдемені жоққа шығарды

27.02.2026ж. 10:31
Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желіде тараған мәлімдемені жоққа шығарды
фото: None

 

Әлеуметтік желілерде Қорғаныс министрінің еліміздің әуе кеңістігі арқылы әуе кемелерінің ұшып өтуіне қатысты ресми мәлімдемесі ретінде ұсынылған бейнеролик таралуда. Осыған қатысты Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады.

«Аталған бейнематериал – жалған. Видео ЖИ технологияларын (deepfake) пайдалану арқылы жасалған, ал дауыс бұрынғы сұхбат негізінде құрастырылған. Таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және қорғаныс ведомствосының ресми ұстанымын білдірмейді», - делінген хабарламада.