Әлеуметтік желілерде 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындау туралы ақпарат таралуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұның жалған екенін хабарлады.
«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға, сондай-ақ белгілі бір сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп хабарлады министрлік бүгін, 26 ақпан күні.
Министрлік Қазақстанның ешбір заңында мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмағанын хабарлады. Құзырлы орган мұндай жалған ақпараттарды алаяқтар тарататынын айтып, халықты сақтыққа шақырады.