$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Сербия кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасауға дайынбыз — Президент

27.02.2026ж. 14:08
Сербия кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасауға дайынбыз — Президент
Фото: Ақорда

Қазақстан Сербия кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасауға дайын. Бұл туралы Ақордада Сербия Президенті Александр Вучичпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған бірлескен мәлімдеме барысында Мемлкет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

— Президент Александр Вучич екеуіміз кеңейтілген құрамда мазмұнды келіссөз жүргіздік. Сауда, көлік-логистика, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастық мәселелерін жан-жақты талқыладық. Нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік. Сауда-экономика және инвеститция саласындағы байланысты дамыту қажеттігіне баса назар аудардық, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазір екі елдің арасында алыс-беріс көбейіп келеді. Елімізде 60-қа жуық серб компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Дегемен, екі елідң экономикалық әлеуеті бұдан әлде қайда жоғары.

— Сондықтан сауда-саттық көлемін ұлғайтуға келістік. Мемлекеттеріміздің мүддесіне сай келетін жаңа инвестициялық жобаларды пысықтауға уағдаластық. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия бұл жұмысқа баса мән беруі қажет. Елімізге Президент Вучичпен бірге Сербияның ірі кәсіпкерлері келді. Сапар қарсаңында Қазақстан-Сербия іскерлік кеңесінің отырысы өтті. Президент Вучич екеуіміз оның нәтижесін жоғары бағаладық. Бизнес өкілдері арасындағы байланысты күшейту қажет екенін атап өттік. Жалпы, біз Сербия кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасауға дайынбыз, — деді Мемлекет басшысы.