$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Енесінің басына 5 мәрте пышақ сұғып өлтірген келін жазадан босатылды

Енесінің басына 5 мәрте пышақ сұғып өлтірген келін жазадан босатылды

Атырау облысында енесінің басына 5 мәрте  пышақ сұғып өлтірген келін жазадан босатылды.  Мамандар 40 жастағы келіншектің психикалық ауытқуы бар екенін анықтаған. Қылмысты есі дұрыс емес күйде жасағаны дәлелденіп, сот маманандырылған үлгідегі психикалық стационарға мәжбүрлі емдеуге жіберуге  шешім етті. Оқиға былтыр Қызылқоға ауданының Жасқайрат ауылында болған еді. Жолдасы балаларын ойнатуға алып кеткен кезінде төсек тартып жатқан 83 жастағы енесін өлтіріп тастаған. Кейуана оқиға орнында тіл тартпай кетті.  Бес баланың анасы енді Алматы облысы Талғар ауданындағы Ақтас қаласында орналасқан Интинсивті байқайтын мамандандырылған үлгідегі  психиатролық стационарда емделеді. Туыстары оны Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында қалдыруды сұраған. Алайда келіншектің диагнозы қоғам үшін қауіпті деп саналып, сот өтінішті қанағаттандырған жоқ. Қазір  5 баланың екеуі сәбилер үйінде. Ал үшеуін әкесі тәрбиелеп жатыр.

ЗАРЕМА ХАМИДУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сарапшылар құрамы параноидты шизофрения созылмалы аурумен ауырады деген тұжырымға келген.  Жалпы Жақсылықованың психикалық аурумен ауыратыны  сотқа ешқандай күмән келтірген жоқ.  Себебі  куәлардың, жәбірленушілердің жауаптарына сәйкес,  Жақсылықова өз отбасында  өзін әртүрі мінездер, оғаш қылықтар шығарып,  балаларға қол жұмсап, сондай әрекеттер жасаған. Алайда отбасы өкінішке орай оның психикалық аурумен аурынатынына дер кезінде мән бермей қалған.