$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қайын жұртын қырып тастады деген күдіктіні Индонезияда құрықтаған видео тарады

Қайын жұртын қырып тастады деген күдіктіні Индонезияда құрықтаған видео тарады

Атырау облысында бүтін бір отбасының өліміне қатыс бар деген күдіктілердің ұсталған видеосы тарады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестерімен бірлесіп жедел  іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адам Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында  ұсталды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша айып тағылуда. Халықаралық іздеуде жүрген, хабар-ошарсыз кетті деп танылған күдіктінің бұрынғы жұбайы да табылған. Оған да күдікті мәртебесі берілді.Тергеу деректеріне сәйкес, олар 2025 жылы 14 желтоқсанда Куала-Лумпурдан Балиға ұшып, Индонезия аумағына кіргені белгілі болды.