Өңеші күйіп, ауруханаға түсті. Дәмханада компот деп химиялық еріткіш ішіп қойған алматылық тұрғын ауруханада жатыр. Оның ауыз қуысына, асқазаны мен бет терісіне зақым келген.
АҚШОЛПАН ШАРАПХАНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Орталық қалалық клиникалық ауруханаға анықталмаған затпен улану, өңештің екінші дәрежелі химиялық күйігі және терінің бірінші химиялық күйігі диагнозымен пациент түсті. Пациент мамандардың тұрақты бақылауында.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Сот медициналық сараптама және басқа да сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Нәтижесінде ер адамның ненің салдарынан күйікке шалдыққаны анықталатын болады. Егер қылмыстың құрамы анықталатын болса, онда қылмыстық кодексінің нормалары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті шаралар қолға алынады.