$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Мемлекетке деген сенім нығайды", - тұрғын

27.02.2026ж. 19:00
"Мемлекетке деген сенім нығайды", - тұрғын

Оралдықтар Конституцияның жаңа жобасына өз пікірін білдірді. Олардың айтуынша, жаңа заң заманға сай жетілдірілген. Әсіресе жеке адамның құқығы мен бостандығына қатысты мәселелер көңілден шыққанын жеткізді.

БЛИЦ:

- Жаңа жоба аясында маған өзіме қатты ұнағаны "заң мен сот алдында барлығы тең" деген жері өте қатты ұнады. Өйткені бай-кедей демей, ешкімнің лауазымына қарамайды, ешкімді бөлмейді. Құқық бұзған жағдай болатын болса, барлығы тең, бірдей жазаланады. Әділетті Қазақстанды құру осы жерден басталады деп ойлаймын.

- Конституцияның жаңа жобасында кез келген адамның құқық субъектiсi ретiнде танылуға құқығы бар екені атап өткен. Бұл дегеніміз, еліміздің кез келген тұрғындары өзінің құқығын заң арқылы қорғай алады дегенге әкеледі. Мысалы, еліміздің азаматтары шетелде жүрген кезде қандай да бір келеңсіз жағдайға тап болған кезде өздерінің құқы қорғалады. Бұл деген азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтады.