$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Өскеменде жастармен жаңа Конституция туралы диалог өтті

Өскеменде жастармен жаңа Конституция туралы диалог өтті

Болашаққа бейжай қарамайтын 400 белсенді жас бір арнада тоғысты. Өскеменде алғаш рет дауыс беретін сайлаушылар Ата заңға енгізілетін өзгерістерді қызу талқыға салды. Кездесуде назар цифрлық қауіпсіздік пен мемлекеттік басқарудағы жастардың үлесіне аударылды. Мамандардың айтуынша, Конституцияның жаңа жобасы әр азаматтың дербес деректерін қатаң қорғауды көздейді. 15-наурыз өскемендік жастар өздерінің тарихи таңдауын жасап, мемлекеттің жаңа бағытын айқындауға атсалысады.

ЗОЯ НОВОЛОДСКАЯ, ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ МҮШЕСІ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Енді мемлекет біздің цифрлық деректерімізді, яғни жеке мәліметтерімізді қорғауға тікелей кепілдік береді. Бұл нені білдіреді? Мәселен, егер банк қателік жіберіп, сіздің ақшаңыз немесе дерегіңіз ұрланса, бұл банктің жеке жауапкершілігі мен шығыны болады. Біз бұл норманың заң жүзінде нақты жұмыс істегенін қалаймыз. Ең бастысы -енді банкте де, әлеуметтік қызметтерде де біздің деректеріміз заңмен толық қорғалады.