$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ауыл шаруашылығы саласында 4500 кооператив жүйесіз жұмыс істеп жатыр

AstanaTV
27.02.2026ж. 19:00
Ауыл шаруашылығы саласында 4500 кооператив жүйесіз жұмыс істеп жатыр

Елімізде 4,5 мың ауыл шаруашылығы кооперативі бар, алайда олардың нақты қайсысы жұмыс істеп жатқаны беймәлім. Тіпті, ауылдағы ағайынның айран-құртын жүйелі саудаға шығара алмай отыр. Мемлекет басшысы бұл мәселені ақпан айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында қатаң сынға алса, былтыр күзде ауыл әкімдерінің диалог-платформасында жұмысты дереу ретке келтіруді тапсырған еді. Жемісін бермей отырған жүйені ретке келтіру бойынша AMANAT" партиясында  кеңейтілген отырыс өтті. Шалғайдағы шаруалардың шағымдарын тыңдап, мәселені шешудегі ұсыныстарын ортаға салды.

НҰРЖАН ӘШІМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Осы тақырыпта бір неше мәселелер бар бізде. Бірінші жаңа айтқандай біз заң тұрғыда қандай өзгерістер енгізу керек соны талқылаймыз. Екіншіден қаржыландыру. Бізде жақсы істейтін кооперативтер бар олардың тәжірибелерін региондағы мықтыларын әрі қарай біз дамытуымыз керек.