$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанда 1500 шақырымнан астам теміржол жаңартылды

AstanaTV
27.02.2026ж. 19:00
Қазақстанда 1500 шақырымнан астам теміржол жаңартылды

Қазақстанда теміржол инфрақұрылымы ауқымды жөндеуден өтіп жатыр. Қазірдің өзінде ел бойынша 1,5 мың шақырымнан астам жол жаңартылып, «Достық – Мойынты» мен Алматы станциясының айналма желісі сияқты ірі жобалар іске қосылды. Биыл «Дарбаза – Мақтаарал» мен «Бақты – Аягөз» сияқты жаңа теміржол желілерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, жүк тасымалдау көлемін 344 миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл ретте жолаушылар үшін де қолайлы жағдайлар жасалмақ. Мәселен, алдағы екі жылда 200-ге жуық жаңа вагон мен заманауи локомотивтер сатып алынады. Бұдан бөлек, еліміздегі 46 теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары да аяқталуға жақын. Бұл шаралардың барлығы отандық теміржол саласын халықаралық деңгейге шығарып, транзиттік әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.