«E-қызмет» жүйесі әлем бойынша мемлекеттік сектордағы персоналды басқаруды цифрландырудағы үздік тәжірибе деп танылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай мәлімдеді. Сөзінше, аталған жүйе Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының арнайы платформасында инновациялық жоба ретінде жарияланып, басқа елдерге ұтымды тәжірибе ретінде ұсынылуда. Сондай-ақ, былтыр елдегі кадрлық іріктеу толық цифрлық форматқа көшкен. Онлайн конкурс 94 мемлекеттік органды қамтыды.
ДАРХАН ЖАЗЫҚБАЙ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Біздің атқарған жұмыстардың тағы бір бағыты - мемлекеттік органдарды бюрократиядан арылту. Яғни қажет емес құжаттардың барлығын, нормативтік құқықтық актілердің барлығын жетілдіре отырып, оларды негізгі, нақты адамға бағдарланған мемлекеттік қызмет көрсетуге ауыстыру. Осыған байланысты біз Үкіметке 1400-ден аса ұсынысымызды енгіздік, 400-ге жуық ұсынысымыз қабылданды.