$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасы жойылды

Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасы жойылды
Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі “Заң мен тәртіп” принципі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Қарағанды облысы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңір аумағында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан жасырын есірткі зертханасының қызметін тоқтатты. Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталды. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде дайын есірткі заты мен прекурсорлар құйылған канистрлер, түрлі жабдықтар және химиялық реагенттер тәркіленді. Жалпы алғанда 40 келі дайын есірткі және шамамен 5 тонна прекурсордың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді. Олардың құны 2 млн АҚШ долларынан асады. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті Telegram-арналардың бірінің кураторымен байланыста болған. Ал дайын өнімді облыс аумағында таратуды көздеген. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда. Прекурсорларды жеткізу арналары анықталуда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.