$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Пойыздан кешіккен жолаушылардың билет бағасының бір бөлігі төленеді

Пойыздан кешіккен жолаушылардың билет бағасының бір бөлігі төленеді
ҚТЖ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жолаушы пойызға үлгермей қалса, билет құнының бір бөлігін қайтарып алу мүмкіндігі қарастырылған.

«Ол үшін ең алдымен вокзалдағы билет кассасына жүгініп, туындаған жағдай туралы кассирге хабарлау қажет. Өтінішті билетте көрсетілген станциядан пойыз жөнелгеннен кейін бір сағаттан кешіктірмей рәсімдеу қажет. Қайтару рәсімін жүргізу үшін жолаушынің жеке куәлігі мен билеті қажет. Кассир қажетті құжаттарды рәсімдеп, бос орын болған жағдайда келесі пойызға билет ұсынуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Билет құнын қайтару көлемі мен мерзімі жолаушыларды, жүк пен багажды, сондай-ақ пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Мұндай жағдайда жолаушыларға қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне қоңырау шалуға немесе вокзалдың анықтама қызметіне жүгінуге болады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға вокзалға ертерек келу қажеттігін ескертеді.