Қазақстан
сенімді елдер қатарында. АҚШ мемлекеттік департаменті түрлі елдерге баратын
туристер үшін тәуекелдерді бағалайтын интерактивті карта жасады. Бұл туралы The
Washington Post хабарлады.
Ол төрт топқа бөлінген. Қарапайым ғана қағидаларды
ұстануды қажет ететін сенімді елдер қатарында Қазақстаннан өзге Өзбекстан,
Беларусь, Скандинав елдері мен Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеті бар. Екінші
топқа теракт қаупі жоғары Батыс Еуропа елдері мен Украина енгізілген. Ал үшінші
топқа кірген елдерге бару үшін алдымен ойлануды қажет етеді. Ол Ресей, Түркия,
Пәкістан, Нигер, Чад, Нигерия елдері. Соңғы тізімдегі елдерге мүлде бармауға
кеңес беріледі. Олар: Ауғанстан, Иран, Сирия, Ливия, Йемен және Корей Халық Демократиялық Республикасы.