Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ішкі рейстер аймағында тіркелу кезінде ол қауіпсіздік қызметкеріне үстінде жарылғыш зат бар екенін айтып әзілдеген.
Оқиғадан соң қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, кинологтар мен полиция шақырылды. Ер адам рейске жіберілмей, оған әкімшілік хаттама толтырылды.
Тексеру барысында қауіп расталмады. Әуежайда мұндай мәлімдемелер, тіпті әзіл болса да, қауіпсіздік алгоритмінің толық іске қосылуына себеп болады.