$541.34 €640.73 ₽6.53
×

8 наурызға орай кімдер төлемақы алады?

02.03.2026ж. 14:03
8 наурызға орай кімдер төлемақы алады?
Фото: Алина Тулеубаева/Kazinform

Ақмола облысында мерекеге орай 3 849 көпбалалы ана төлемақы алады.  Әлеуметтік көмек 2026 жылы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Ана – Батыр» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға беріледі.

Ақмола облысы бойынша жыл сайын жергілікті өкілді органдардың шешімі негізінде мереке және атаулы күндерге орай, Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызға байланысты «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Ана – Батыр» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға жылына 1 рет 3-тен 5 АЕК-ке дейін (12 975 теңгеден 21 625 теңгеге дейін) біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі, - деп хабарлады Ақмола облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы. 

Сондай-ақ, Астанада, Ұлытау облысында  8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға төлемақы қарастырылып отыр.