$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Синоптиктер наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

02.03.2026ж. 21:00
Синоптиктер наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады
фото: pixabay

Синоптиктер болжамынша, наурыз айы жылы әрі жауын-шашынды болады. Елдің солтүстік жартысында негізінен қар түрінде, батыс және оңтүстік жартысында жаңбыр және жаңбыр аралас қар түрінде. Желдің күшеюі, боран, тұман және көктайғақ құбылыстары болжанады. 

Наурыз айының бірінші жартысында аязды күндер жылы ауа райына біртіндеп алмасады.

Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде наурыз – "қыстың жалғасы" болып саналады. Мұнда қысқа тән суық ауа райы, қар жаууы, боран, жиі көктайғақ пен тұман болжануда. Дегенмен кейбір күндері көктемнің лебі сезіледі. Бірінші онкүндікте түнгі температура -28-38°С-тан -5-10°С-қа дейін, күндіз -10-20°С-тан 0,-8°С-қа дейін біртіндеп жоғарылайды. Онкүндіктің соңында температура қайта төмендейді.Батыс өңірлерде де наурыз айы құбылмалы, көктемге тән өзгермелі болады. Ай бойы суық пен жылы кезеңдер алмасып отырады. Бірінші онкүндікте түнде -5-15°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-8°С-тан -3+7°С-қа дейін ауытқиды.

Оңтүстік жартысында бірінші онкүндікте түнгі температура -8+2°С-қа дейін, күндіз +5+15°С-қа дейін біртіндеп жоғарылайды.

Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде -3+2°С-тан -8-15°С-қа дейін, кей жерлерде -20-25°С-қа дейін, күндіз +5+13°С-тан 0,-8°С-қа дейін ауытқу күтіледі. Оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде кей күндері күндіз +13+22°С-қа дейін, ал оңтүстіктің шалғай аймақтарында +27°С-қа дейін жылынады. Антициклон ықпалымен қысқа мерзімді суық толқындар байқалуы мүмкін.