$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Наурыз ҰБТ-сы басталды

02.03.2026ж. 15:56
Наурыз ҰБТ-сы басталды
Фото: instagram.com/testcenterkz

Бүгін наурыз айында өтетін ҰБТ басталды, ол 6 сәуірге дейін жалғасады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. ҰБТ-ға қатысуға 184 мыңға жуық адам өтініш берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Олардың 74,4%-ы қазақ тілінде, 25,5%-ы орыс тілінде, 216 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірген.

«Ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациясы – «Математика-Физика», оны талапкерлердің 18,7%-ы таңдаған. Яғни, бұл – болашақ мұғалімдер, инженерлер, механиктер, техниктер мен технологтар, энергетиктер, құрылысшылар. Ал 16,6%-ы «Биология-Химия», 10,3%-ы «Шығармашылық емтихан» пәндерін таңдады, сәйкесінше болашақ медициналық қызметкерлер мен шығармашылық саласының мамандары», - делінген хабарламада.