$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жолаушыларға жедел ақпарат пен көмек көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық іске қосылды

Жолаушыларға жедел ақпарат пен көмек көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық іске қосылды

Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты 4 мыңнан астам отандасымыз елге қайта алмай отыр. Аймақтағы әскери шиеленіс пен әуе кеңістігінің уақытша жабылуы салдарынан халықаралық рейстердің бір бөлігі кейінге шегерілген. Құзырлы органдар қазақстандық туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елге кезең-кезеңімен қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аружан қазір Дубайда. Демалысының соңы қорқынышқа айналғанын айтады. Елге қашан  ораларын білмейді. 

Аружан Молдашева сияқты жолға қашан шығарын білмей отырған турист көп. Дохадан тікелей байланысқа шыққан «Туристік қамқор» қорының төрағасы Инна Рей жағдайдың Катарда да, Әмірліктерде де күрделі екенін растап отыр.

ИННА РЕЙ, "ТУРИСТІК ҚАМҚОР" ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Тек қазақстандықтар емес, әр елдің азаматтары елдеріне қайта  алмай отыр. Балалар өте көп.   Бізді тіпті уайымдатып отырғаны Араб Әмірліктеріндегі туристер, ол жақта тіпті қауіпті болып тұр.

Әуежайда ұша алмай отырған туристер қонақ үйлерге орналастырылған. Жағдай бақылауда.    

ЖАН КӨКЕШОВ, ТУРКОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ:

Біз 24/7 туристермен хабарда боламыз. Бізге ең біріншісі қателеспесем күндізгі уақытта келді. 5-10 мнуттың ішінде бірінші ақпаратты  бердік. Яғни сабыр сақтау керектігін. Қонақ үйден шықпау керектігін. Даже сол күні бізге белгілі болды. 27-28 күндері қай күні кім қай жаққа кететіні, қай қонақ үйге қосымша жатқызылатындығы. кім алып кетеді, кім апарады оның барлығын 1-2 сағаттың ішінде хабарладық.

Бірақ,  көмек ресми тур-кодпен кеткендерге ғана көрсетіледі. Қордың арнайы бюджеті есебінен оларға тегін тамақ пен қонақүй ұйымдастырылды. Ал өз бетімен билет алып ұшқандар өз күнін өзі көруде. 

АСЫЛХАН ЕСІЛОВ, "ТУРИСТІК ҚАМҚОР" ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Араб әмірлігінде екі мыңнан астам туристер. Шектеулі бюджетіміз бар оған байланысты және Сауд Арабиясында 200-ден астам туристер бар. Және катар елінде  бір мыңнан астам туристер.

Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты көлік министрлігінде жедел штаб құрылды. Азаматтық авиация комитеті мен отандық әуе компанияларының басшылары азаматтарды елге қайтарудың баламалы бағыттарын пысықтауда.  Қазір Ираннан  Ливанға дейінгі 11 елдің әуе кеңістігінде шектеу бар. Соңғы үш күнде 40-қа жуық рейс тоқтатылды.

БАУЫРЖАН ӨМІРАЛИЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

12-наурыздағы кестеге сәйкес 13 рейс тоқтатылды. Әуе кеңістігі ашылған жағдайда, отандық авиакомпаниялар өздерінің әуекемелерін ұсынуға және қайтару рейстерін орындауға дайын екенін мәлімдеді.

Қазақстандық туристердің арасында медициналық   көмекке жүгінгендер жоқ.  Әуе кеңістігі ашылған жағдайда әуе компаниялары қосымша әуе кемелерін ұсынып, кері рейстерді орындауға дайын екенін мәлімдеді. Жедел штаб тұрақты негізде жағдайды бақылап, мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жүргізіп отыр.  Жолаушыларға жедел ақпарат пен көмек көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық іске қосылды.