Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясының Қостанайдағы өкілдері Елбасы жолдауын қолдайды

AstanaTV
15.01.2018ж. 20:00
2329
«Қазақстан-2050» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясының Қостанайдағы өкілдері Елбасы жолдауын қолдайды

Болашақты бағамдаған 10 бағыт. Тобыл өңіріндегі жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясының өкілдері Жолдауда көрсетілген нақты нұсқаулар мен межелі міндеттерге тоқталды. Президент «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты құжат ел экономикасын еселеуге ерекше міндет қойды. Осы тұрғыдан агроөнеркәсіп кешені экономикалық өсімнің өзегі болмақ. Саланы дамыту үшін тың жобалар мен  жаңа технология тетігін меңгеруіміз керек, -дейді жиналғандар.

Михаил Дәуенов,  Қостанай облыстық демократиялық күштер коалициясының төрағасы:

Бірінші мақсатымыз - экономикамызды көтеру және осы экономиканы алдыңғы қатарлы елдердің технологиялық экономикасына жеткізуіміз керек. Осыған байланысты сол елдердегі пайдаланатын технологиялар мен цифрлы технологияны енгізуіміз керек.

Жаңа технологияларды игеруде жастардың үлесі көп болуы тиіс. Бұл бағытта шағын және орта бизнеспен айналысуға ниеттілерге қолдау көп. Төмен пайызды несие рәсімдеп, кепілзат қою жағы да қарастырылған. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысында айтылды. Президент жүктеген 10 міндет талқыланған жиында «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының үндеуі қабылданды.