$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда жастар мен қоғам өкілдері Конституция жобасындағы 33-бапты талқылады

02.03.2026ж. 19:00
Павлодарда жастар мен қоғам өкілдері Конституция жобасындағы 33-бапты талқылады

Павлодарда жастар мен қоғам өкілдері Конституция жобасындағы 33 бапты талқылады. Бұл бап білім беру саласына қатысты. Онда азаматтардың білім алу құқықтары жазылған. Жаңадан дайындалған бұл бапта «тегін» сөзі «ақылы емес» деп ауыстырылған. Алайда, бұл көпшілік арасында түсінбеушілік тудырды. Өйткені, бұдан былай білім беру тегін емес деген сыңайда жалған пікірлер айтылды. Осының ара жігін ажыратып беру үшін  Мәжіліс депутаттары   жастармен, қоғам өкілдерімен арнайы кездесті. Кездесуде білім алу ел азаматтары үшін бұрынғыдай тегін болатынын жеткізді. Тек заңдық тұрғыдан «тегін» сөзінің «ақылы емес» сөзімен ауыстырылуының мән мағынасын түсіндіріп берді.

ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бізге қоғамға тегін болып көрінгенімен біздің білім алып жатқан әр баламыз үшін, азаматтар үшін мемлекет әр қашан қаржы бөледі. Әрқашан ақы төлейді. Ал оның барлығы әрине, бюджеттен. Ал бюджет халықтың салығынан құралатын дүние. сондықтан ол тегін болып саналмайды. Мемлекеттің азаматтар алдындағы міндеті сақталады ол жерде. Гранттар да сақталады. Бірақ, біз түсінуіміз керек. Гранттарда тегін білім үшін де мемлекет әрқашан ақша төлейді. Тегін деген сөздің алынып тасталып отырғаны сода ғана.