Астанада ірі сауда орталығында қала қонақтары мен тұрғындары үшін концерт өтті. Онда елімізге танымал жұлдыздар өнер көрсетті. Іс-шара 15 наурызда өтетін референдумға байланысты ұйымдастырылды. Думанды кешке 5 мыңға жуық адам қатысты. Сонымен қатар мереке Алғыс айту күніне де орайластырылған. Мақсат- қала қонақтары мен тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, алдағы маңызды күнге байланысты жақсы атмосфера қалыптастыру.
ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Шын мәнінде 15 наурыз еліміздегі бір саяси тағдыр шешті кезең. Бұған Қазақстанның әр азаматы, әрбір осы отаншыл перзенттері, осы күні сайлау алаңына үлкен бір жауапкершілікпен қадам басады деген үміттеміз.
Жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған ауқымды LIVE-концерт Тараз қаласында да ең ірі сауда орталығының бірінде ұйымдастырылды. Онда елімізге танымал өнерпаздар ән шырқап жұртқа ерекше көңіл күй сыйлады. Ойын сауық орталығына 3 мыңнан астам қала тұрғыны мен жастар жиналды. Бұдан бөлек, белсенділер жаңа Ата Заң жобасының басты бағыттары мен оның қоғам үшін маңыздылығын түсіндіріп, тұрғындарды алдағы саяси науқанға белсенді болуға шақырды.
ДАУЫЛ БЕЙСЕНҚҰЛОВ, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Референдумның маңыздылығын, сонымен қатар Ата заңның жаңа нұсқасын халыққа түсіндіру мақсатында осындай концерт ұйымдастырып отырмыз. Сонымен қатар бүгінгі облыс орталығындағы жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлап 15 наурызда елімізде өтетін бүкіл халықтық референдумға қолдау көрсету.