$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жас ғалымдар клубы жаңа Конституция жобасын талқылады

AstanaTV
02.03.2026ж. 19:00
Жас ғалымдар клубы жаңа Конституция жобасын талқылады

Елордада Жас ғалымдар клубы конституциялық реформанының маңызын талқылады. Басқосу барысында жаңа заң жобасының негізгі бағыттары сараланып, адами капиталды дамыту, ғылыми әлеуетті институционалдандыру және зияткерлік егемендікті нығайту мәселелері қарастырылды. Шара жас ғалымдар мен сарапшылар арасында мазмұнды пікір алмасуға мүмкіндік беріп, конституциялық дамудың өзекті бағыттары бойынша кәсіби диалог алаңына айналды.

ЭЛЬМИРА ОТАР, ЖАС ҒАЛЫМДАР КЛУБЫНЫҢ ТЕҢ ТӨРАҒАСЫ, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ:

Мемлекеттің потенциалы ол - адами капитал. Ол преамбулада да айтылған. Алғаш рет жаңа конституциялық жобада ғылым, білім, инновация негізгі бағыт ретінде көрсетіліп тұр. Яғни технология емес қазіргі кезде біздің құндылығымыз адам ретінде. Соның барлығы біз үшін маңызды. Жас ғалымдар болып осы тақырыптарды талқылаймыз.