$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан Үкіметі мен Азия даму банкі $5,5 млрд-қа 15 жаңа жобаны жүзеге асыруға ниетті

02.03.2026ж. 17:27
Қазақстан Үкіметі мен Азия даму банкі $5,5 млрд-қа 15 жаңа жобаны жүзеге асыруға ниетті
фото: Үкімет

Қазақстан Үкіметі мен Азия даму банкі 2026-2029 жылдары жалпы сомасы $5,5 млрд болатын 15 жаңа жобаны іске асыру туралы меморандумға қол қойды. Келіссөздерге Премьер-министр Олжас Бектенов пен АДБ президенті Масато Канда қатысты.

Жобалар көлік және логистика, цифрландыру, жасыл қаржыландыру, су ресурстарын басқару, ТКШ және тұрғын үй нарығын дамыту салаларын қамтиды.

 Сонымен қатар «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ пен Азия даму банкі арасында Сарыағаш қаласын айналып өтетін, ұзындығы 102 шақырым болатын айналма жол салу жобасы бойынша келісімшартқа қол қойылды.