1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.
Қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады. Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы есебінен.