$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Тоқсан екі банк картасы мен 46 ұялы телефон": қылмыстық топ 3,5 млрд теңге пайда тапқан

02.03.2026ж. 21:43
"Тоқсан екі банк картасы мен 46 ұялы телефон": қылмыстық топ 3,5 млрд теңге пайда тапқан
фото: видеодан скрин

Қаржы мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысындағы департаменті прокуратурамен бірлесе отырып, цифрлық активтер айналымы саласында заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған, сондай-ақ қылмыстық кірістерді заңдастырған ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі.  

 

«150-ден астам дроппердің банк карталарына түскен қаражат ATAIX биржасындағы криптоәмияндарына аударылған. Қаражаттың заңды көрінісін жасау үшін дропперлер мен байланысы бар ЖШС арасында жалған қарыз шарттары рәсімделіп, кейін қаражат криптовалютаға айырбасталып, OKX биржасындағы криптоәмияндарға жіберілген. Қаражатты айырбастау және шығару үшін бақылаудағы айырбастау пункті пайдаланылып, қаражат шетел валютасына конвертацияланған. Осылайша, қылмыстық топ 3,5 млрд теңге пайда тапқан», - деп хабарлайды ҚМА.

Тінту барысында 46 ұялы телефон, 92 банк картасы, сондай-ақ 25 463 USDT көлеміндегі криптоактивтер тәркіленді. Бес күдікті қамауға алынған. Тергеу әлі жалғасып жатыр.