Якутияда сақылдаған сары
аяз. Республиканың кейбір аудандарында ауа температурасы -65 градусқа дейін
төмендеген. РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, барлық мектептерде сабақ
тоқтатылып, қашықтықтан білім беріліп жатыр. Төтенше жағдай қызметі сақадай
сай. Өйткені кейбіреу сарышұнақ аязға қарамастан, жоспарларын кейінге қалдырғысы
жоқ. Ал суыққа еті үйренген Якутия жұрты далада бір-бірін суретке түсіріп,
тіпті шомылып жатыр.
Ал Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды. Әдетте
жылы болатын Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда аймақтарында ауа
температурасы -28 градусқа дейін төмендейді. Сондықтан сақылдаған сары аяз
сынғанша, жылы киініп жүріңіздер!