$541.34 €640.73 ₽6.53
×

36 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген

36 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген
полиция

Көлік көп жүретін автомагистральдар мен ірі қалаларға кіретін жолдарға баса назар аудару қажет. Үкімет отырысынжа Олжас Бектенов осылай деді.

Үкімет отырысында Премьер-министр жол қауіпсіздігі – ең өзекті мәселенің бірі екенін атап өтті. 2025 жылы елімізде 36 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеген.

Сондықтан апат қаупі жоғары учаскелерде инженерлік шешімдерді қолдану, жылдамдық режимін қатаң бақылау, интеллектуалды көлік жүйелерін және заманауи ескерту құралдарын пайдалану бойынша жүйелі шаралар кешенін жүзеге асыру қажет. Көлік министрлігіне Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерімен және әкімдіктермен бірге мамыр айының біріне дейін жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарларын жаңартуды тапсырамын. Көлік көп жүретін автомагистральдар мен ірі қалаларға кіретін жолдарға баса назар аудару қажет, – деп атап өтті Олжас Бектенов.