$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шымкентте 400 баллон азот тотығы тәркіленді

Шымкентте 400 баллон азот тотығы тәркіленді
Polisia.kz.

Шымкентте “күлдіретін газ” сатумен айналысқан 10 мекеме иесі жауапқа тартылып, 400-ден астам баллон азот тотығы тәркіленді.

Шымкент қаласының полиция департаменті азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретін заттардың заңсыз айналымына тосқауыл қою мақсатында жүйелі шаралар қабылдауда. Жыл басынан бері қала аумағында "күлдіретін газ" атауымен танымал азот тотығын сатумен айналысқан 10 ойын-сауық орны анықталып, олардың заңсыз қызметі тоқтатылды. Барлығы 417 баллон тәркіленіп, адам ағзасына күшті әсер ететін заттар заңсыз айналымнан алынды. Анықталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.