Жамбыл облысы полиция депертаменті бастығының орынбасары кабинетінде ішімдік ішкен. Оны ішкі қауіпсіздік қызметкерлері анықтаған.Медициналық куәландыру жүргізіліп, масаңдық фактісі расталған. Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша қызметкер ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Полиция заңдылық пен қызметтік тәртіпті бұзушылықтарға төзбеушілік қағидатын ұстанады. Лауазымы мен атағына қарамастан, кінәлілерге қатысты қатаң шаралар қолданылады, - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі.